Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ТМД ПА-ның 2022 жылғы отырысы Өзбекстанда өтеді
11:58 / 2021-04-16

ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 2022 жылғы отырысы Өзбекстанда өтеді.

«Олий Мажлис» Сенатының хабарлауынша, Сенат төрайымы Танзила Нарбаева ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Отырыста Ассамблея қызметіне қатысты бірқатар мәселелер, соның ішінде ұйымның 2020 жылғы қызметінің нәтижелері және 2021 жылдың 27-28 мамырда өтетін IX Нева халықаралық экологиялық конгрессіне және 2021 жылы 13-15 қазанда жоспарланған үшінші Еуразиялық әйелдер форумына дайындық мәселелерін талқылады. 

Кенес мүшелері жиын барысында Ассамблея жанындағы Экономикалық сараптама кеңесінің қызметі, Достастықтың 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттерді қарастырып, ТМД ПА мәжілісінің 2022 жылы қарашадағы отырысын Өзбекстанда өткізуге келісілді.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы, атап айтқанда ТМД-ның мерейтойлық саммиті Минскіде өтеді деп жоспарланды, делінген хабарда.