ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы кейінге қалдырылды
Биыл 2020 жыл 1 қаңтардан бастап Өзбекстан ТМД-ға төрағалық етуде
Бейнебайланыс түрінде өтуі 16 қазанға жоспарланған ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы кейінге қалдырылды.
ТМД Атқару комитеті хабарлауынша, кездесу қашан өтетіні әзірше белгісіз. «15 қазанға жоспарланған Сыртқы істер министрлері кеңесінің, сондай-ақ 16 қазанда өткізілуі тиіс Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты және мәселелерді егжей-тегжейлі терең талдау жүргізу үшін кейінге шегеріліп отыр», - делінген ТМД Атқару комитеті хабарында.
Алғашында ТМД саммитін Ташкентте өткізу жоспарланған болатын. Еске салар болсақ биыл 2020 жыл 1 қаңтардан бастап Өзбекстан ТМД-ға төрағалық етуде.