Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді
17:31 / 2020-11-05

2020 жылдың 6 қарашасында Өзбекстан Республикасының төрағалығымен,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы бейне байланыс түрінде өтеді, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Алқалы жиында, Үкімет басшылары Достастықтағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бүгінгі таңда ең негізгі проблемаға айналған коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарысты еңсерудің мәселелері бойынша пікір алмасады деп күтілуде.

Атап айтқанда, кездесуде ТМД-ның 2030 жылға дейінгі (2021-2025) экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Достастықтың әр түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған басқа бағдарламалар мен келісімдер талқыланады.

Үкімет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады.