ӨР Бас прокуроры Ниғматилла Юлдошев бастаған Өзбекстан делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 35-жиынына қатысу үшін Тәжікстан Республикасына барды.
Жиында ТМД-ға мүше елдердің прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тиімді ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, сондай-ақ прокурорлық қадағалау саласында тәжірибе алмасу көзделген.
Сапар аясында Өзбекстанның Бас прокуроры Н.Юлдошев пен Тәжікстанның Бас прокуроры Х.Вохидзода арасында кездесу өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту келешегін талқылады. Өзара әріптестіктің басым бағыттары айқындалды.
Аталған диалог пен оның нәтижесінде қол жеткізілген келісімдер құқық саласындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, кеңейтуге маңызды үлес қосады.
Н.Юлдошев ТМД елдерінің прокуратура органдарымен, соның ішінде Тәжікстан Бас прокуратурасымен цифрландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау және озық тәжірибе алмасу салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атап өтті.