ТМД-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті
Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бахадир Қурбанов Ресей Федерациясының Тула қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі отырысына қатысты.
Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс министрліктері делегацияларының қатысуымен өткен кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланып, әлемдегі әскери-саяси жағдай жайында өзара пікір алмасылды.


ӨзА