Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді
14:50 / 2020-05-28

Үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібіне Достастыққа мүше мемлекеттердің түрлі салалардағы ынтымақтастығына қатысты 15 мәселе кіргізілген


29 мамырда күні Өзбекстан Республикасының төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары Кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференция түрінде өтеді.

Онда, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Әзірбайжан Премьер-Министрі Али Асадов, Беларусь Премьер-министрі Сергей Румас, Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Молдова Премьер-Министрі Ион Кик, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-Министрі Қохир Расулзода, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян, Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Еркін Асрандиев, Түркіменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібіне Достастыққа мүше мемлекеттердің түрлі салалардағы ынтымақтастығына қатысты 15 мәселе кіргізілген болып, келіссөздер барысында экономика, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттары және COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы бірлескен күш-жігер жөнінде пікір алмасады.