Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ТМД елдерінің 2019 жылға жазғы танымал курорттары анықталды
12:24 / 2019-06-14


ТМД аумағындағы елдерде орыс тілі мен визасыз режимде жүру еркіндігі болғандықтан жазғы демалыс кезінде кімде болса тағамы тәтті, қалтаға қомақты танымал курорттар мен қонақжайлы демалыс орындарына барып қайтқанды қалайды.

Бұл жайында туристтік агенттік Тurstat.com сайты биылғы жылдың жаз айларында демалыс уақытын ғажайып өткізер жандар үшін ең танымал және ең таңдаулы ТМД аумағының 5 демалыс орнынын анықтаған.

Сарапшылардың ұсынысы бойынша биылғы жылда жарқын жаз мезгілін жадырап өткізер жағажайлы мекендер тізімінде Қазақстандағы «Бурабай», Қырғызстандағы «Ыстық көл», Беларусьтегі «Нарочь көлі», Бакудегі Каспий теңізі жағалауындағы «Апшерон» курорттары (Әзербайжан) және Армениядағы «Севан» көлдері танымалдығы бойынша алғашқы бестікке енген.

Бұл тізімдегі курорттарда жазғы демалыс күнгі орташа шығын 50-110 АҚШ доллар көлемніде көрсетілген. Ең арзан шипажайлы мекен Қырғызстандағы «Ыстық көл», онда бір күнде орташа 50 долларға дейін қаржы төлейсіз. Ал, Қазақстандағы «Бурабайда» 70 доллар, Бакудегі Каспий теңізі жағалауындағы «Апшерон» курорттары (Әзербайжан) мен Армениядағы «Севан» көлдерінде 110 долларға дейін.