ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінің күні белгілі болды
Жыл сайын Санкт-Петербургте өтетін ТМД елдері басшыларының биылғы бейресми кездесуі 26-27 желтоқсанда өтеді.
Бұл туралы ТМД атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев мәлім етті.
«Келесі аптада Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының маңызды бейресми кездесуі өтеді. Бұл кездесу Ресей президентінің шақыруымен 26-27 желтоқсанда өтеді. Бұл біздің ынтымақтастығымызға қосымша серпін береді деп үміттенеміз», - деген Лебедов «РИА Новости» агенттігіне берген сұхбатында.