ТМД елдері арасында ең көп бала туу Өзбекстанда тіркелді
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде ең көп бала туу көрсеткіші бойынша Өзбекстан көш батсап келеді.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылы Өзбекстан туу көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің 1000 тұрақты тұрғынына шаққанда – 25,9 құрады.
Одан кейінгі кезекте Қазақстан мен Қырғызстан елдері орын алған. Ондағы туу көрсеткіші сәйкесінше 23,5 және 22,4 екені белгілі болды.
Бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында мынадай деңгейде:
- Армения – 12,4;
- Әзірбайжан – 11,2;
- Молдова – 11,2;
- Ресей – 9,6;
- Украина – 7,3.
2022 жылдың 1 қаңтарына Өзбекстанда 905 200 баланың тууы тіркелген.