9 шілде күні Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, Өзбекстан Президенттігіне УзЛиДеП атынан үміткер Шавкат Мирзиёев 87,05 пайыз дауыс жинап, қайта Өзбекстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Бұл саяси оқиғаны 15 халықаралық ұйым мен 47 шет елден келген сегіз жүзге жуық халықаралық байқаушылар тікелей бақылап отырды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында халықаралық ұйымдар миссиялары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциялары өтуде.

Атап айтқанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлауды бақылау миссиясы өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев миссия өкілдері Өзбекстанда өткен сайлаудың дұрыс ұйымдастырылғанын, сайлаушылардың өте жоғары көңіл-күйде болғанын және белсенді қатысқанын атап өтті. Ол сондай-ақ Өзбекстанда саяси және экономикалық тұрақтылық жалғасып жатқанын, бұл сайлауда да көрініс тапқанын айтты.

Баспасөз мәслихатында миссия өкілдері кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, кандидаттарға тең жағдай жасалғанын, сайлау халықаралық тәжірибеге сәйкес өткенін мойындады. Сондай-ақ бақылаушылар бірнеше сайлау учаскелерін аралап, учаскелерге барлық жағдай жасалғанын, бір мақсатқа қызмет ететінін, учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің белсенді жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.