Өткен тәулікте Өзбекстанда 113 адамнан коронавирус індеті анықталды
2021 жыл 22 наурыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстан аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 113 азамат анықталды.
ДСМ-нің мәліметіне қарағанда, індет жұқтырған аймақтар арасында ең жоғары көрсеткіш Ташкент қаласында тіркелген – 96 жағдай. Сонымен қатар республика бойынша 65 науқас аурудан сауығып шыққан.
Соңғы дерекке сай елдегі коронавирус жұқтырғандар саны 81 559-ға жетіп, аурудан сауыққандар 79 949 кісіні құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 988 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 141-нің жағдайы ауыр, ал 23 науқастың хәлі өте ауыр екендігі хабарланған.