Өткен тәулікте 897 кісі коронавирус жұқтырып, 546 азаматта пневмония анықталды
29 шілде күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда 897 кісі коронавирус жұқтырды. Бұл жыл басынан бергі тіркелген антирекорд саналады. Бұдан бөлек 546 азаматта пневмония анықталып, 7 науқас қайтыс болған.
Күн өткен сайын Өзбекстанда коронавирус жағдайы нашарлап келеді.
«2021 жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялар саны 128 403 (+897) жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Министрлік дерегінше, кеше 650 азамат аурудан сауығып шыққан.
Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 122 368-ге жетіп, індеттен көз жұмғандар 866-ны құрауда.