Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тираннозаврдың қаңқасы аукционда рекордтық бағада сатылды
11:54 / 2020-10-07

Жер бетінде 67 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Стэн» атты тираннозаврдың қаңқасы аукционда 31,8 миллион долларға сатылды


Жер бетінде 67 миллион жыл бұрын өмір сүрген «Стэн» атты тираннозаврдың қаңқасы аукционда 31,8 миллион долларға сатылды.

«Christie's» аукцион үйінің мәліметінше, осы аукциондағы сатылым бағасы жаңа әлемдік рекорд болып табылады. Ол 31 847 500 АҚШ долларына сатылған. Алғашқыда оның бағасы шамамен 6-8 млн долларға бағаланған.

1987 жылы әуесқой палеонтолог Стэн Секрисон Оңтүстік Дакотадағы қазба жұмыстары кезінде тапқан бұл тиранозаврлардың қаңқасы 188 сүйектен тұратын болып, ол толық және ең жақсы сақталған қаңқаларының бірі болып табылатыны айтылған. Бастапқыда қаңқа шөпқоректі динозаврға жатады деп ойлаған және ғалымдар бұл олжаны тираннозавр қаңқасы деген тұжырымға тек 1992 жылда ғана келген.

Сарапшылардың пайымдауынша табылған тиранозавр 7-8 тонна болған деп есептейді. Бұл Африка пілінің салмағынан екі есе ауыр және оның тістері 27 см ұзын болған.

Бұған дейін 1997 жылы тираннозавр қаңқасы Чикагодағы далалық табиғат музейіне аукционда 8,36 миллион долларға сатылған еді. Ол осы күнге дейін рекордты баға болып келді.