Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тимур Кападзе Олимпиадаға қатысатын соңғы құрамды жариялады
12:43 / 2024-07-10

2024 жылдың 24 шілдесі мен 10 тамызы аралығында Франция астанасы Парижде ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Бұл беделді жарысқа Өзбекстанның футболдан олимпиадалық құрамасы да қатысады.

Өзбекстан құрамасы бұл жарыстың «С» топтық кезеңінде Испания, Египет және Доминикан Республикасы құрамаларымен күш сынасады. Команданың бас бапкеті Тимур Кападзе Олимпиада ойындарына қатысатын соңғы құрамды жариялады.

Қақпашылар: Абдувахид Неъматов, Владимир Назаров, Хамидилло Абдунабиев.

Қорғаушылар: Абдуқо дир Хусанов, Асадбек Рахимжонов, Мухаммадқодир Хамралиев, Хусниддин Аликулов, Саидазамат Мирсаидов, Зафармурод Абдурахматов, Ибрахимхалил Юлдашев,

Жартылай қорғаушылар: Абдурауф Бориев, Бехруз Асқаров, Жасур Жалолиддинов, Ибрагим Ибрагимов, Умарали Рахмоналиев, Диёр Холматов.

Шабуылшылар: Аббасбек Файзуллаев, Остон Орунов, Эльдор Шомуродов, Алишер Одилов, Руслан Жиянов, Хусаин Норчаев.

Кападзе шәкірттері Олимпиадаға қатысуын 24 шілдеде Испания құрамасына қарсы кездесуден бастайды. Екінші кездесу 27 шілдеде Египетке қарсы өтсе, 30 шілдеде үшінші матч Доминикан Республикасына қарсы өткеді.