Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тимур Бекмамбетов Өзбекстанға шетелдік ірі кинокомпанияларды тартуға көмектеседі
14:13 / 2021-05-07

Танымал кинорежиссер Тимур Нұрбақытұлы Бекмамбетов Өзбекстанға шетелдік ірі кинокомпанияларды тартуға көмектеседі.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов кинорежиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетовті қабылдады.

Кездесуде тараптар Өзбекстандағы кинотуризмді дамыту перспективалары туралы әңгімелесіп, фильмдер, сериалдар және басқа да киноөнімдер шығаруға мүмкіндік беретін елдің бай тарихи-мәдени мұрасы және: Марко Поло немесе Гонсалес де Клавиджоның Орталық Азияға саяхаттары туралы пікір алмасты.

Әлемік киноаренада танымал Тимур Бекмамбетов сұхбатта елдің туристік әлеуетін, ұлы батырлардың бейнесін, тарихы мен табиғи кинолокацияларын ескере отырып, ірі кинокомпанияларды тарту бойынша бірқатар бастамаларды ұсына отырып, «достық пойызын» ұйымдастыруды айтты. Продюссердің пікірінше бұл барлық шығармашыл жандардың бірігуіне түрткі болмақ.

Кинорежиссер Өзбекстанға сапары кезінде туризмді дамытуға салынған инвестиция нәтижесі айқын байқалатынын айтып, елдегі туризм мен қонақжайлылықтағы өзгерістерге жоғары баға берді. Ол өзбек халқының төзімділігі мен жомарттығын айта отырып, фильмдерде осы аспектілерді көрсету керектігін жеткізген.

Кездесуде тараптар, туындыларда Әбу Райхан Беруни, Әбу Әли ибн Сина, Мирзо Ұлықбек сияқты ұлы ғұламалардың өмірі мен шығармашылығы жайлы, Әмір Темір, Мангуберді сынды тарихи тұлғалардың тағдыры мен өлкенің бай тарихы баяндалуы және Қожа Насреддин сынды халық кейіпкерлерінің бейнесі де назардан тыс қалмауы керек екені айтылды.