«Time» журналы тарихта тұңғыш рет «Жыл баласы» номинациясын жариялады. Оған 15 жасты ғалым Гитанжали Рао лайық деп табылған.
Америкалық БАҚ-тағы беделді журнал ең ықпалды ересектерді ғана емес, балаларды да марапаттауды бастады. Басылымның алғашқы «Жыл баласы» сыйлығы Колорадо штатының 15 жасар оқушысы Гитанжали Раоға нәсіп етті.
Жас ғалым жасанды интеллект пен көміртекті нанотүтікшелердің сенсорлық технологиясын зерттеуде және алынған білімін кибербуллинг пен судың ластануымен күресу үшін тәжірибеде қолданатынын айтқан.

Бұл жаңа номинация 2019 жылы 16 жастағы эко-белсенді Грета Тунберг алғаш рет «Жыл адамы» атанғанымен байланысты болып, журнал дәл осы жағдайға орай Гретаның қатарластары және одан кіші жастағыларға арнайы санатты енгізуге шешім қабылдады.
2019 жылы Гитанжали Рао ғылымдағы жетістіктері үшін Forbes-тің «30 жасқа дейінгі 30» тізіміне енді. Ол сондай-ақ EPA президентінің сыйлығы, Глория Барронның құрметті сыйлығының иегері және жастарды шабыттандыруға арналған «Marvel Heroes» жобасының кейіпкері болып саналады.