«Time» «Жыл адамы» номинанттарының тізімін жариялады
Танымат «Time» журналы «Жыл адамы» номинанттарының тізімін жариялады. Ондағы тізім қатарында Дональд Трамп, Джо Байден, Энтони Фаучи және медициналық қызметкерлерді көруге болады.

Америкалық басылымның 2020 жыл қорытындысына орай жасаған тізіміне төрт адам енген. Олар американдық саясаткерлер Дональд Трамп пен Джо Байден және инфекционист Энтони Фаучи. Сонымен қатар, қысқа тізімге коронавирус пандемиясы кезінде адам өмірін сақтап қалуға қатысқан медициналық қызметкерлер орын алған.
Еске салар болса, дәл осы номинация бойнша 2019 жылы швециялық жас белсенді - қоршаған ортаны қорғаушы Грета Тунберг «Жыл адамы» атанған болатын. Осы маңызды оқиғадан кейін журнал алғаш рет биыл «Жыл баласы» номинациясын жариялап, оған 15 жасты өнертапқыш Гитанжали Рао лайық деп табылды.