TikTok платформасы 2021 жылы үздік ресурсқа айналды
Қысқа бейне таспаларға негізделген көңілашар TikTok әлеуметтік желісі 2021 жылдың ең көп қаралатын ресурсқа айналды.
Cloudflare дерегінше, платформа танымалдығы бойынша Google-ды басып озды. Өткен жылы TikTok танымалдығы бойынша 7-ші орынға ие болған.
Wall Street Journal-да жарияланған рейтинг бойынша 2021 жылдағы ТОР-10 палтформалар:
1. TikTok.com
2. Google.com
3. Facebook.com
4. Microsoft.com
5. Apple.com
6. Amazon.com
7. Netflix.com
8. YouTube.com
9. Twitter.com
10. WhatsApp.com