Қысқа бейне таспаларға негізделген көңілашар TikTok әлеуметтік желісі Еуро-2020 турнирінің ресми серікесіне айналды. Осы серіктестік аясында TikTok тақырыптық AR-эффектілері, хэштег-челлендж, тікелей трансляциялар және ресми дауыстары бар бейнелерді орналастырады.
Еуропалық футбол қауымдастықтар одағы – УЕФА-ның маркетинг жөніндегі директоры Ги-Лоран Эпстейн: «Біз TikTok-ты Еуро-2020 серіктестеріне айналғанына қуаныштымыз. Бұл өткен жылдың ішінде ең көп талқыланған ойын-сауық алаңына айналды. Алдағы айларда TikTok-пен тығыз байланыста жұмыс істеу арқылы, жер жаһандағы жанкүйерлерге әлемдегі ең танымал спорттық іс-шаралардың біріне қосылуға және онда өз ықыласын бөлісуге мүмкіндік беретін бірегей озық Еуро-2020 көру тәжірибесін ұсынамыз», деген.
TikTok Еуропа чемпионатының ресми серіктесіне айналған алғашқы мобильді қосымша болып, УЕФА бұл желіде енді ресми аккаунтын ашады және эксклюзивті контенттер жариялай бастайды.
Еске сала кетейік, 2020 жылда өтуі жоспарланған допты-дода пандемияға байланысты 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында 12 елдегі жасыл алағдарда өткізу жоспарланған.