TIKA халықаралық агенттігі Өзбекстанға СOVID-19 індетімен күресте көмек көрсетті
Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау ұлттық инновациялық палатасының төрағасы Равшан Изамов осындай қолдау көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді
Түркияның Халықаралық ынтымақтастық және даму агенттігі (TIKA) Өзбекстанның медициналық қызметкерлеріне СOVID-19 коронавирустық пандемияның жаңа түрімен күресу аясында медициналық қорғаныс құралдарын жіберіп қолдау көрсетті.
TIKA халықаралық агенттігі өзбекстандық медицина қызметкерлерге 5000 дана қорғаныс киімдері, медициналық маскалар, бетті қорғауға арналған заттар және қолғап, көзілдіріктер топтамасын табыстады. Атаулы қайырымдылық шарасына Түркияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мехмет Сүрейя Эр және TIKA халықаралық агенттігінің Ташкенттегі үйлестірушісі мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау ұлттық инновациялық палатасының төрағасы Равшан Изамов қатсып, осындай қолдау көрсеткені үшін Равшан Изамов ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
