Танымал бокс журналы «The Ring» 2020 жылдың екі үздік былғары қолғап шеберінің есімін жариялады.
Басылымның тұжырымына сай, ауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюри мен жеңіл салмақтың абсолютті чемпионы Теофимо Лопес 2020 жылдың үздік бокшылары деп танылды.
Британдық 32 жастағы Тайсон Фьюри 2020 жылы бір жекпе-жек өткізді. Онда ол американдық Деонтей Уайлдерге қарсы рингке шықты және қарсыласын жетінші раундында техникалық нокаутпен ұтып WBC белбеуін жеңіп алды. Фьюри бүгінге дейін кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізіп, оның 30 жеңіс (21 нокаут) және бір жекпе-жегі тең аяқталған.
Ал, 23 жасты американдық Теофимо Лопесте 2020 жылы бір ғана жекпе-жекке қатысты. Қазан айында өткен бокс кешінде ол украиналық боксшы Василий Ломаченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қорғаған бойда WBA және WBO белбеулерін қарсыласынан ұтып алды. Бокс әлеміндегі жас буын әзірше кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп (12 нокаут) жеңілмей келеді.