Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл болды.
Осы мерейлі датаға орай Оңтүстік Кореядағы ең танымал басылымдардың бірі «The Korea Post» газетасында екі ел арасындағы өзара алмасу жылына арналған арнайы саны жарық көрді.
Басылымда Президент Шавкат Мирзияевтің 2021 жылғы желтоқсанда Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты сапалы жаңа деңгейге көтергені айтылады. Екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуда қол қойылған құжаттардың алатын орны ерекше екені баяндалған.
Сондай-ақ мақалада «Жасыл» даму, цифрландыру және күшті әлеуметтік қорғау саясаты бағыттары жеке стратегиялық әріптестіктің үш маңызды бағыты ретінде белгіленгені атап көрсетілген.
Журналдың арнайы санында 30 жылдық қарым-қатынаспен қатар алдағы бағыт-бағдар да жан-жақты қарастырылған.