The Best-2022: Месси – жылдың үздік ойыншысы атанды
27 ақпанда Парижде ФИФА бірқатар номинациялар бойынша 2022 жылдың үздіктерін марапаттады.
Аргентина құрамасының және «ПСЖ» клубының шабуылшысы Лионель Месси жылдың үздік ойыншысы атанды. 35 жастағы шабуылшы 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында Аргентина сапында жеңіске жетіп, турнирдің үздік ойыншысы болды. Лео сонымен қатар Париж клубымен Лига 1 мен Франция суперкубогын жеңіп алды.
Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- Үздік ойыншы – Лионель Месси («ПСЖ» / Аргентина);
- Үздік жаттықтырушы – Лионель Скалони (Аргентина құрамасы);
- Үздік қақпашы – Эмилиано Мартинес («Астон Вилла» / Аргентина);
- Ең әдемі голдың авторы – Марсин Олексин («Варта Познань»/Польша);
- Fair Play жүлдесі - Лука Лочошвили (Грузия);
- «Үздік жанкүйерлер» - аргентиналық жанкүйерлері;
Символдық құрама 3-3-4 схемасында көрініс тапты:
- Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал» / Бельгия);
- Қорғаушылар: Ашраф Хакими («ПСЖ»/Марокко), Вирджил Ван Дейк («Ливерпуль»/Нидерланды), Жоау Кансело («Бавария»/Португалия);
- Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брюйне («Манчестер Сити» / Бельгия), Лука Модрич («Реал» / Хорватия), Каземиро («МЮ» / Бразилия);
- Шабуылшылар: Килиан Мбаппе («ПСЖ»/Франция), Карим Бензема («Реал»/Франция), Эрлинг Холланд («МС»/Норвегия), Лионель Месси («ПСЖ»/Аргентина).