The Best-2019. ФИФА жылдың үздік футболшыларын жариялады
Маусымның өте әдемі голын соққан венгриялық жартылай қорғаушы Даниэль Жори Пушкаш сыйлығы иегері атанды.
Италияның Милан қаласындағы «Ла-Скала» опера театрында ФИФА-ның дәстүрі бойынша жылдың үздіктерін (The Best) анықтау рәсімі өтті.
Онда жылдың үздік футболшысы аргентиналық Леонель Месси атанды. Ал, биылғы жылдың үздік бапкері атағы Юрген Клоппқа табысталды.
Ливерпуль қақпашысы Алисон Беккер жылдың үздік қақпашысы атанған болса, өткен маусымның өте әдемі голын соққан венгриялық жартылай қорғаушы Даниэль Жори Перенц Пушкаш сыйлығы иегері атанды.




FIFA The Best-2019: жылдың символдық футболшылар командасы
