Техастағы 95 жастағы автобус жүргізушісі рекордтар кітабына енді
АҚШ-тың Техас штатында тұратын 95 жастағы Рэймонд Хагер ресми түрде әлемдегі ең қарт автобус жүргізушісі деп танылып, Гиннес рекордтар кітабына енді.
Ардагер жүргізуші Уичита-Фолс қаласындағы «Falls Ride» қоғамдық көлік жүйесінде 27 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Оның айтуынша, ол 14 жасында көлік жүргізуді үйренген, жастайынан үлкен машиналарды жақсы көрген. Қартайған шағында автобус жүргізуге шешім қабылдап, әлі күнге дейін осы қызметті атқарып жүр. 95 жасында біржола зейнетке шығуға ниеттенгенімен, кейін ойын өзгертіп, денсаулығы мүмкіндік бергенше жұмысын жалғастыруға бел буған.
Қала билігі қарт жүргізушінің еңбегін бағалап, 18 қарашаны Рэймонд Хагер күні деп жариялады.