Техаста жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АҚШ-тың Техас штатында McDonnell Douglas DC 9-87 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Click2Houston телеарнасының хабарлауынша, ұшақ әуежай жолағынан ұшып шығып, жеткілікті биіктікке көтеріле алмай қайта қону кезінде өртенген.
Апат салдарынан ұшаққа қатты зақым келген, соған қарамастан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы дерлік қауіпсіз жерге көшіріліп, тек бір азамат ауруханаға жеткізілгені айтылады хамарламада.