Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Техас штатында 40-тан астам мигранттардың мәйіті бар жүк көлігі табылды
08:48 / 2022-06-28

АҚШ-тың Техас штатының оңтүстігінде қараусыз қалған жүк көлігінен өлген 46 адамның мәйіті табылды.

Associated Press басылымының мәліметінше, тағы 16 адам тірі табылып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Агенттік дерегінше, болжам бойынша қаза тапқандардың барлығы АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған мигранттар.

Бұл жағдайға байланысты Техас губернаторы Грегг Эбботт АҚШ президенті Джо Байден мен оның әкімшілігінің көші-қон саясатын айыптады. 

«Техас штатында мигранттар жүк көлігінен кем дегенде 42 адамның өлі денесі табылды. Бұл марқұмдардың обалы Байденнің ар-ожданында. Бұл оның өлімге әкелетін ашық шекара саясатының нәтижесі», - деп жазды губернатор өзінің Twitter парақшасында.