Тест сынақтары биыл да ашық алаңдар мен стадиондарда өтеді
Өзбекстанда 2022/2023 оқу жылында жоғары оқу орындарының бакалавриат бағытына түсуге арналған тест емтиханы коронавирусқа байланысты үшінші жыл қатарынан стадиондар мен ашық алаңдар да өтеді.
Мемлекеттік тестілеу орталығы мұны Мемлекеттік қабылдау комиссиясының №1 мәлімдемесі екенін хабарлаған.
Кәсіби (шығармашылық) емтихандардан басқа, ерекше дарындылықты талап ететін бакалавриат білім беру бойынша оқуға түсу үшін үміткерлер үш пәнді тапсыру міндетті болып табылады:
- ана тілі (өзбек, орыс немесе қарақалпақ тілі);
- математика;
- Өзбекстан тарихы бойынша тестілерді Мемлекеттік тестілеу орталығы өткізеді.
Сондай-ақ биылғы жылға арналған тест жауап парағының үлгісі де бекітілген.