Tesla Үндістан нарығынада жұмыс бастауға ниетті
Америкалық электромобильдер өндіруші Tesla компаниясы Үндістанда жұмысын бастауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы компания негізін қалаушы Илон Маск Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуінен кейін мәлімдеп, келесі жылы Үндістанға баруды жоспарлап отырғанын айтқан.
«Бұл тамаша және өте жақсы әңгіме болды. Мен Tesla-ның Үндістан нарығына енуіне және оны мүмкіндігінше тезірек боларына сенімдімін», - деді Маск журналистің Үндістандағы Tesla-ның іске қосылу уақыты туралы сұрағына жауап беріп.
Америкалық Tesla Motors компаниясы 2003 жылы электр көліктері мен оларға қатысты технологияларды әзірлеуші және өндіруші ретінде құрылған. Компанияның штаб-пәтері Калифорния штатының Пало-Альто қаласында орналасқан.