Tesla Еуропадағы алғашқы зауытын ашты
Германия астанасы Берлин қаласы маңында американдық электромбиль шығаратын Tesla компаниясының бірінші еуропалық зауыты ашылды.
Euronews-тің хабарлауынша, электромобиль өндіруші жаңа зауытқа 5 миллиард еуродан астам қаржы жұмсалды.
Жаңа кәсіпорын жылына жарты миллионға дейін электромобиль шығарып, 12 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Ашылу салтанатында компания негізін қалаушы Илон Масктан бөлек Германия канцлері мен Экономика министрі қатысқан.
Мұнда бірінші кезеңде Model Y кроссоверлері шығарылады.
22 наурыздағы саудада Tesla акциялары 3,4 пайызға қымбаттады. Соңғы бір жылда компания акцияларының құны 44 пайызға өсті.