Ташкент қаласында ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррор құрылымының (ӨАТҚ) оныншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және ТМД-ның терроризм мен экстремизмге қарсы екінші конференциясы өтті.
Іс-шараға ШЫҰ және ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзырлы органдары, ТМД органдарының жұмыс құрылымдары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың делегация өкілдері қатысты.
Конференцияда сөз сөйлеген Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі төрағасының бірінші орынбасары, генерал-майор Б. Турсунов сөз сөйлеп, тәуелсіз даму жылдарында әлемнің басқа елдері сияқты Өзбекстанда да терроризм мен экстремизмнің әртүрлі формаларына тап болғанын атап өтті.
— Бұл қауіпсіздік қатерлеріне қарсы күресу бізге осы салада ұлттық үлгіні қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта біздің терроризм мен экстремизмге қарсы тәсіліміз одан әрі дамып, біз жаңа қауіптер мен қатерлерге бейімделудеміз.
2021-2026 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі Өзбекстан Республикасының Ұлттық стратегиясы мен оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының қабылдануы айтарлықтай бетбұрыс болды. Бұл құжаттарда құқық қорғау құрылымдары, билік және басқару органдарының азаматтық қоғам институттары, шетелдік серіктестер және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалған.
Экстремистік идеялардың бұрынғы және ықтимал жақтастарымен әлеуметтік және психологиялық жұмыстар жүргізуге, оларды оқытуға, жұмысқа орналастыруға, жалпы, өз қабілеттерін жүзеге асыруына жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Мұндай өзгерістер мен тәсілдер жоғары деңгейде өз нәтижелерін беріп, халықаралық қолдауға ие болуда.
Атап айтқанда, 2019 жылдан бері «Мехр» гуманитарлық акциялары аясында Сирия, Ирак және Ауғанстаннан 531 репатриант Өзбекстанға қайтарылды.
Оларға әлеуметтік, медициналық және басқа да көмек көрсетілді. Нәтижесінде, бүгінде репатрианттардың 90,2 пайызы қазіргі заманғы өмір салтын ұстануда, 9,8 пайызы дәстүрлі ислам дініне сенеді, — деді Б. Турсунов.
ӨзА