Термізде Өзбекстан – Ауғанстан келіссөздер жүргізуде
16 қазанда Ауғанстан уақытша үкіметі басшысының орынбасары міндетін атқарушы Абдул Салам Ханафи бастаған делегация Термізге келді.
Кездесуде Өзбекстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары - Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков басқаруда.
Бұл келіссөздер Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың 2021 жылдың 7 қазанында Ауғанстанға жұмыс сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында өтеді.