Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Терміз полигонында Өзбекстан мен Ресей әскери оқу-жаттығуларын бастады
15:49 / 2021-08-02

Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрліктері тарапынан екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес, осы жылдың 30 шілдесі мен 8 тамызы аралығында «Терміз» дала полигонында бірлескен оқу-жаттығуларын өткізуде.

2 тамызда полигонында «Оңтүстік - 2021» (Жануб – 2021) Өзбекстан - Ресей бірлескен оқу -жаттығуларының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті хабарлады.

Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты - екі елдің әскери органдарының ынтымақтастық жүйесін жетілдіру, қауіпсіздік мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.

Ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Қодиржон Тұрсынов пен Ресей Федерациясы Орталық әскери округінің штаб бастығының орынбасары генерал -майор Николай Терещенко қатысып, ынтымақтастықтың маңызды аспектілері мен негізгі міндеттері туралы айтқан.