Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Термез халықаралық әуежайы екі айға жуық жұмысын тоқтатады
13:27 / 2022-10-20

Термез халықаралық әуежайында жаңа аэродром кешенін пайдалануға беруге дайындық көру мақсатында әуежай екі айға жуық жұмысын тоқтатады.

Uzbekistan Airports-тың хабарлауынша, Термез халықаралық әуежайы жаңа әуежай кешенін пайдалануға беруге дайындық жұмыстарына байланысты 2022 жыл 1 қарашадан 25 желтоқсанға дейін ұшақтарды қабылдауды және жіберуді уақытша тоқтатады.

Қазіргі кезде үзындығы 3 мың, ені 60 метр болатын жаңа ұшу-қону жолағының құрылысы аяқталған.

Екі айға жуық уақытта жаңа ұшу-қону жолағын перронмен қосу, сондай-ақ жаңа CAT-I ICAO жарықтандыру-сигнал жүйесін, метеорологиялық және радионавигациялық қону жүйелерін орнату жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, делінген хабарламада.