Теннисші Денис Истомин мансабын аяқтады
Өзбекстандық ракетка шебері Денис Истомин теннистегі кәсіби спорттық мансабын аяқтады.
Ол Humo Arena өткен Дэвис кубогы аясындағы Өзбекстан мен Польша матчынан кейін кәсіпқой мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Денис Истомин мансабында Лондон-2012, Рио-2016 және Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында алтын, сонымен қатар Гуанчжоу-2010-да 2 күміс және Инчон-2014 турнирінде 1 қола медаль жеңіп алды. 2012 жылы ол ATP рейтингінде 33-орынға көтерілді. Осы ұйымның туымен өткен турнирлерде екі рет (2015, 2017) бас жүлдені жеңіп алды. Осы нәтижелері үшін оған «Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері» құрметті атағы берілген.