Теннис: Өзбекстандық спортшы Астанадағы «Челленджер» турнирінде екінші орынды алды
Қазақстанның Астана қаласында Халықаралық теннис федерациясының «Челленджер» жарысы аяқталды.
Жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайтын жарысқа өзбекстандық Хумоюн Сұлтанов сәтті қатысып, екінші орынан бой көрсетті.
Финалда ол тәжірибелі қазақстандық Денис Евсеевке қарсы кездесуде 5/7, 6/2, 4/6 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл нәтиже Хумоюн Сұлтановқа 30 рейтингтік ұпай мен 3260 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық әкелді.