Теннис: Уимблдон турниріне Ресей мен Беларусь теннисшілері қатыспайды
Уимблдон биыл Украинадағы әскери арнайы операцияға байланысты Ресей мен Беларусь теннисшілерін қатыстырмау туралы шешім қабылдады.
Ресми ақпаратқа сай, 27 маусымда старт алатын «Үлкен дулыға» сериясындағы Уимблдон турниріне Ресей мен Беларусь теннисшілері қатыса алмайды.
Уимблдон турнирі Ресей мен Беларусь теннисшілері қатыспаған алғашқы теннис турнирі болады.
Мәлімдемеде сондай-ақ «егер жағдай қазіргіден маусым ішіндегі аралықта айтарлықтай өзгерсе, біз (ұйымдастырушылар) жағдайды қарап шығып, қажетті шараларды қабылдаймыз» делінген хабарламада.