Теннис: Үндістандық теннисші «Челленджер» турнирінде жеңіске жетті
Финляндияның Тампере қаласында теннистен «Челленджер» турнирі аяқталды.
Турнирдің бас жүлдесі үндістандық Сумит Нагалға нәсіп етті. ATP рейтингінде 231-ші орында тұрған Нагал шешуші финалдық кездесуде әлемнің 193-ші ракеткасы чехиялық Далибор Сврчинді 6/4, 7/5 есебімен ұтты.
Үндістандық теннисші маусымдағы төртінші «Челленджер» турнирінде бас жүлдені жеңіп алды. Финляндиядағы сәтті жеңіс оған 75 рейтингтік ұпай және 9 880 еуро сыйақы әкелді.