Теннис: Лейла Фернандес АҚШ-тағы турнирде жеңіске жетті
АҚШ-тың астанасы Вашингтон қаласында өткен WTA 500 санатындағы беделді теннис турнирі өз мәресіне жетті.
Финалдық шешуші кездесуде әлемнің 36-ракеткасы саналатын канадалық Лейла Фернандес WTA рейтингінде 48-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаяға қарсы кортқа шықты. Алпыс тоғыз минутқа созылған матчта Лейла қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай 6:1, 6:2 есебінде жеңіске жетті.
Бұл канадалық дарынды спортшының маусымдағы төртінші WTA жүлдесі. Mubadala Citi DC Open турниріндегі жеңісі Фернандеске 500 рейтингтік ұпай мен 197 570 АҚШ доллары көлемінде сыйақы әкелді. Ал Калинская бір апталық ойыны үшін 325 ұпай және 121 880 доллар табыс тапты.