Теннис: Эмма Наварро Merida Open Akron турнирінде жеңіске жетті
Мексиканың Мерида қаласында өткен WTA 500 санатындағы теннис турнирі аяқталды.
Шешуші финал ойынында дүниежүзілік рейтингтің 10-ракеткасы саналатын Эмма Наварро қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей жеңіске жетті. Америкалық теннисші WTA рейтингінде 133-орында тұрған колумбиялық Эмилиана Арангомен кездесуде бірде-бір гейм бермеді - 6/0, 6/0.
Теннисшілердің бір-бірімен екінші рет өткізген кездесуінде де Наварро жеңіске жетті.
Осышалйша, Наварро мансабындағы екінші WTA турнирінің чемпионы атанды. Ол Merida Open Akron жарысындағы сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде 500 рейтинг ұпайын және 164,000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде ақшасын қолға кірітті. Ал Аранго 325 ұпай және 101,000 доллар табыс тапты.