Теннис: 2024 жылдан бастап 20 жастан жоғары теннисшілер турнирге қатыспайды
ATP жасөспірімдер турнир финалының ережелеріне енген кейбір өзгерістерді жариялады.
Атап айтқанда, 2024 жылдан бастап бұл жарысқа 20 жастан асқан теннисшілер жіберілмейді. Осы уақытқа дейін жас шектеуі 21 болатын.
Сондай-ақ Топ-350 рейтингінде тұрған 20 жасқа дейінгі теннисшілерге де ұйым тарапынан қолдау көрсетілуде. Оларға бір жыл ішінде 100 және 125 санаттағы 8 «Челленджер» турнирінің негізгі қортындысына шығуға кепілдік беріледі.
Топ-250 тізіміне енген 20 жасқа дейінгі теннисшілерге бір ATP 250 турнирінің және екі ATP 250 турнирінің іріктеу турнирінің негізгі ойынында ойнауға қосымша кепілдік беріледі. Бұл ережелер бір аптада үш немесе одан көп ATP турнирлері өткізілетін апталарда ғана қолданылады.