Теннис: 2023 жылдан «Masters» турнирлері 12 күнге дейін жалғасады
Теннис бойынша «Masters» сериясындағы турнирлер 2023 жылдан бастап 12 күнге дейін жалғасады.
Теннис кәсіпқойлары қауымдастығының (ATP) басшысы Андреа Гаудензи тур директорлар кеңесі ассоциацияның 30 жылдық даму стратегиясының кейбір негізгі аспектілерін мақұлдағанын айтты.
«Біз турнирлер мен ойыншылар арасындағы табысты бөлу принципін өзгертеміз. Онда «Masters» санатындағы турнирінің ұзақтығын 12 күнге дейін жалғасса, ақшалай сыйлық та көбеймек. Өзгерістер 2023 жылдан бастап күшіне енеді », - деген Гаудензи.
ATP басшысының айтуынша, мұндай реформалар теннис үшін және Ассоциацияның тең құқықты серіктестігі үшін маңызды прогресс болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Masters» сериясының стандартты турнирлері бір аптаға созылады.