Теннесси штатындағы торнадо салдарынан алты адам қаза тапты
Сенбіге қараған түні Теннесси штатындағы Нэшвилл мен Кларксвилл қалаларында болған торнадодан алты адам қаза тапты.
NBC News хабарлауынша, Кларксвиллде үш адам қайтыс болған. Олардың екеуі ересек және бір бала.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындардың бірінің жылжымалы үйі аспанға көтеріліп, анасы мен балалары жатқан көршілерінің үйіне құлаған. Тағы 23 Кларксвилл тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
Нашвиллде шіркеудің құлауы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алды.
The Guardian газетінің хабарлауынша, сенбі күні кешке штаттың 80 мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалған.