Теміржол вокзалдарына жеке куәліксіз кіруге рұқсат беріледі
Өзбекстанда енді теміржол вокзалдарының аумағына оңайлатылған тәртіппен, яғни жеке басын куәландыратын құжатсыз кіруге болады.
«Uztemiryolyogluchi» мәліметінше, мұндай тәртіп Министрлер Кабинетінің 159-санды қаулысында белгіленген.
Алайда, жолаушылар платформасы – перронға тек билеті бар жолаушылар, сондай-ақ қарт адамдады шығарып салуға шыққан немесе жеке басын куәландыратын құжаты бар жолаушылар кіреалады.
Билетсіз азаматтар, сондай-ақ, билеттегі мәліметтер мен жолаушының жеке басын растайтын құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмегендер жолаушы платформасына – перронға және вагондарға жіберілмейді.