Телешоуда автокөлік ұтқан азаматқа сыйлығын бермей алдаған
Ұтысын аламай сарсаңға түскен азамат көмек сұрап Президент порталына хабарласқан.
Өзбекстан телеарналарының біріндегі мәшһур телешоулардың бірі «Кафил шоу», ұтыс сыйлығы автокөлік ті өз иесіне беруден жалтарған. Ұтысын аламай сарсаңға түскен азамат көмек сұрап Президент порталына хабарласқан.
Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық федерациясының мәліметінше, ұтысын аламай жүрген азаматқа Президент порталына хабарласыаннан соң, сыйлық берілген.
Азамат Ш. Аброров биыл 23-ші шілде күні елдегі «Махалла» арнасында көрсететін сақтандыру компаниясының «Кафил шоу» бағдарламасына қатысып «Tracker» автокөлігін жеңіп алсада, оған ұтысы берілмей келген.
Нәтижесінде ұтыс иесі өз құқығын талап етіп жазған арызының арқасында, Президенттің сенім телефоны арқылы Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық федерациясына жөнелтілген. Арнайы мамандар бұл істің ақ-қарасын айырып, соңында автокөлік өз иесіне тапсырылған.

Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық федерациясы өкілдері жоғарыдағы сынды жағдайлар туындаған кезде өз құқығыңызды талап етуге шақырады.