Бүгінгі таңда әлемде қарқынды дамып, танымал болып келе жатқан текбол спорты жақын арада Өзбекстанда ресми түрде өз қызметін бастайды.
Спорт министрлігінің хабарлауынша, биылдың өзінд-ақ Өзбекстан чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.
Текбол спорты 2014 жылы венгриялық - бұрынғы кәсіпқой футболшы Габор Боршани мен компьютерлік бағдарламашы Виктор Хусар тарапынан негізі қаланған болып, ол стол теннисі мен футболды біріктіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, футбол мен үстел теннисінің бірігуінен құралған.
Ойын қағидасына сай, қолдан басқа дененің кез-келген бөлігімен ұруға болатын қисық үстел және футбол добы қолданылады. Тек допты қатарынан екі рет дененің бір бөлігімен ұруға жол берілмейді. Мақсат - допты қарсылас алаңына түсіру. Қарсылас мұны қайтара алмаса, стол теннисіндегі сияқты соққы жіберген командаға ұпай жазылады.
6 жылдық тарих кезеңінде текбол жақсы танымалдыққа ие болды. Бүгінгі таңда текбол Лионель Месси, Неймар, Роналдиньо, Луиш Фигу, Симао Саброза, Роберт Пирес, Шон Гарн сияқты танымал футбол жұлдыздарының күнделікті ойнына айналып, «Аякс», «Арсенал», «Челси», «Фламенго», «ПСЖ» және «Реал Мадрид» сияқты клубтар текболды жаттығуларына қосқан.