Грузия полициясы 7-8 наурызда ел парламенті алдында өткен наразылық акциясы кезінде 133 азаматты ұстады.
«8 наурызда Тбилисиде парламент ғимаратының жанында және Руставели даңғылында шеру бірнеше сағат бойы бейбіт түрде жалғасты, бірақ кейін митингке қатысушылардың бірі жиналғандарды парламент ғимаратының алдында пикетке шығуға шақырды», - делінген елдің Ішкі істер министрлігі хабарламасында.
9 наурызға қараған түні акцияны тарату кезінде Грузия ішкі істер министрлігінің 10 қызметкерінің зардап шеккен.
«Ғимараттың кіреберістерін жаппай қоршау кезінде оның қатысушылары агрессивті әрекет жасап, темір қоршауларды, кіреберіс есіктерді бүлдіріп, терезелердегі әйнектерді сындырды, парламент ауласына тас және басқа заттарды лақтырды, зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтату үшін күш қолдануға мәжбүр болған полиция қызметкерлеріне қарсы пиротехникалық заттарды қолданған», - делінген ақпаратта.