Тайваньдағы атом электр станциясында өрт болды
Тайваньның оңтүстігінде орналасқан «Мааншан» АЭС аумағында өрт шықты.
Dimsun Daily басылымының хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды суыту мұнарасының жанында қоршауға алуға қол жеткізген.
«Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ, өрт бақылауға алынды», — делінген хабарламада.
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі комиссияның мәліметінше, радиациялық фон қалыпты деңгейде, барлық энергоблоктар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. АЭС-тегі жағдай тұрақты, тұрғындарға ешқандай қауіп төнбейді.
«Мааншан» АЭС өз қызметін 1984 жылы бастаған және Тайваньдағы үшінші атом станциясы болып табылады. Ол екі реактормен жабдықталған, олардың әрқайсысы жылына 15 тераватт-сағат электр энергиясын өндіруге қауқарлы.