Тайванда ірі компания директоры қамауға алынды
Тайвань прокуратурасы 13 қаңтар күні OnePlus компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі бас директоры Пит Лауға ресми айып тағып, оны қамауға алу жөнінде ордер шығарды.
Кәсіпкер жергілікті инженерлерді заң талаптарын бұза отырып жұмысқа алған деген күдікке ілінді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қытай компаниялары тайваньдық мамандарды жұмысқа тарту үшін үкіметтен арнайы рұқсат алуы тиіс. Тергеу деректеріне қарағанда, компания бұл талапты орындамаған.
Ресми органдардың мәлімдеуінше, аталған шара аралдан жоғары білікті кадрлардың сыртқа кетуінің алдын алуға бағытталған.
2013 жылдың желтоқсан айында құрылған OnePlus – әлемдік нарыққа смартфон өндіретін компания. Ол Oppo корпорациясының құрамына кіреді.