Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тайваньда пойыздың апатқа ұшырауы салдарына 48 адам қаза тапты
14:01 / 2021-04-02

Тайваньда жолаушылар пойызы туннелде жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан 48 азамат қаза тауып, 118 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті Орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, пойыз Тайбэйден Тайдунға (аралдағы ең үлкен қала және уез) баратын бағыттағы туннелде жол жөндейтін қызметтік көлікпен соқтығысып, рельстен шығып кеткен.

Ақпаратқа қарағанда жүрдек пойыз әдеттегіден көп жолаушы қабылдаған (пойызда 350-ге жуық жолаушы болған) және оның басым бөлігі тік тұрған бойда бара жатып, қақтығыс кезінде бұл жолаушылардың көбі жан-жаққа шашылып кеткен.

«Соңғы мәліметтер бойынша, осы ірі апат салдарынан 48 адам қаза тауып, 118 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде жетеуі ауыр халде», - деп хабарлайды агенттік Тайвань теміржол әкімшілігіне сілтеме жасап.